Үкімет қаулысы: Жезқазғанда Ұлытау техникалық университеті құрылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жезқазған қаласында Ұлытау техникалық университетін құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлытау техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын. Ғылым және жоғары білім министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру саласында білім беру және ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысу болып айқындалсын, - деп жазылған Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы