Үкімет Қашаған мен Қарашығанақ операторларына талап арыз түсірді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің Қашаған мен Қарашығанақ операторларының үстінен арыз түсіргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, талап-арыздар миллиардтаған долларға жетеді.

Үкіметтің уәкілетті органы PSA компаниясының Қарашығанақ және Қашаған компанияларына қарсы халықаралық арбитражға шағым түсірді. Нақты, түсініктеме бере алмаймын. Бір айтарым, бұл сот істері қазақстандықтардың мүддесі үшін жасалған. Талап сомасы 3,5 және 13 миллиард доллар көлемінде, - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан соң.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет
Өзгелердің жаңалығы