Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламентінің бірінші сессиясының отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин күн тәртібіне Президентке премьер-министрді тағайындауға рұқсат беруді енігізілді.
ҚР Конституциясының 70-бабына сәйкес, Парламент Мәжілісінің жаңадан сайлануына балынсты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты. Қазір еліміз қиын кезеңді бастан өткеруде. Бүкіл әлем соңғы жылдарда ешкім каүтпеген дағдарысқа тап болды. Біз Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық жағдайымызды еңсеру үшін үлкен қор жинадық. Соның арқасында Үкімет дағдарысқа қарсы шараларды дер кезінде қабылдады,- деді ол.
Тоқаев пандемия салдарынан 4,5 млн азаматқа көмек ретінде 500 млрд теңге берілді.
Кәсіпкерлікті қолдауға жалпы сомасы 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді. Медицина қызметкерлеріне тиқөлемақы төлеу және дәрі-дәрмекпен құрал-жабдықтар сатып алу, инфекциялық орталықтар салуға 225 млрд теңге жұмсалды. Үкімет дағдарысқа қарсы жоспарды тиімді жүзеге асырды. Соған сәйкес, жұмыссыздықтың көбебіне, тұрғындардың табысының жаппай азаюына жол берілген жоқ. Қолға алынған осы шаралар негізінен тиімді болды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы