Үкімет өңірлердегі тұрғындардың өтініштеріне жауап берді

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары кезінде тұрғындардан түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың қалай қарағаны туралы Үкіметтің ақпаратын тыңдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттар Үкіметке шамамен 940 жүйелі, проблемалық сұрақ жолдаған. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға қатысты: денсаулық сақтау – 102 мәселе, білім беру – 111, әлеуметтік және еңбек саласы – 84 және басқа бағыттар бойынша келген.

Бұдан бөлек, азаматтар ауыл шаруашылығы министрлігі (117 өтініш), өнеркәсіп және құрылыс (109), экология және табиғи ресурстар (56), туризм және спорт (53) бағыттары бойынша да белсенді түрде мәселелер көтерген.

Еске салайық, бүгін Мәжіліс Қазақстан Үкіметі мен ОПЕК халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларға қатысты Рамалық келісімді ратификациялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжіліс Баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы