Үкімет не істесе де балық шаруашылығы дамымай отыр - Кесебаева
Бүгін Үкімет сағатында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін біз ел экономикасы үшін маңызды рөл атқаратын, атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халықты жұмыспен қамтуға үлесін қосатын - балық шаруашылығы мәселесі қаралатын болады. Қазіргі таңда Үкіметтің жүргізіп жатқан жұмысына қарамастан, балық шаруашылығы дами алмай отыр. Сол себепті біз бүгін Үкімет сағаты барысында саланы дамыту бойынша орын алып отырған мәселелерді және министрлік тарапынан қабылданып жатқан шараларды қарайтын боламыз, - деді Балайым Туғанбайқызы.
Айтуынша, қазіргі таңда балық шаруашылығын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында балық шаруашылығын дамыту мәселесін көтеріп, осы тапсырмаға орай балық шаруашлығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, қазіргі уақытта жүзеге асырылып отыр. Қазақстан өзінің бірегей табиғатына орай, балық ресурстарына бай. Құрамына 3 мыңға жуық көл кіретін, өте қуатты балық шаруашылғының қоры бар, - деді ол Үкімет сағатында.