18 Қыркүйек 2026, 04:22 Фото: primeminister.kz

Үкімет медициналық техника бағасын оңтайландыруды тапсырды

Кеңес қорытындысында медициналық техниканың негізсіз қымбат бағасы анықталған жағдайда шұғыл шара қабылдау тапсырылды.

Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу мәселелері бойынша кеңес өткізді. 

Жиында медициналық жабдықтардың бағасын қалыптастыру тетіктерін жетілдіру және бюджет қаржысын тиімді пайдалану жолдары талқыланды. Сондай-ақ медициналық ұйымдардың қажетті құрал-жабдықтармен уақтылы қамтылуы мәселесіне назар аударылды.

Негізгі міндет – медициналық ұйымдардың жабдыққа деген жоспарланған қажеттілігін сақтай отырып, бюджет қаражатын үнемді пайдалану, – делінген хабарламада.

Кеңес қорытындысында медициналық техниканың негізсіз қымбат бағасы анықталған жағдайда шұғыл шара қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар сатып алынатын жабдықтардың сапасы мен техникалық сипаттамалары белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс. Үкімет бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.