Үкімет елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін жедел шараларды іске асыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің Үкімет алдына қойған барлық тапсырмасы орындалатынды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жақында орын алған оқиғалар аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін жедел шараларды іске асыруда. Біздің міндетіміз – зардап шеккен бизнес субъектілерінің жұмысын тез арада қалпына келтіру. Осыған байланысты, біз осы жұмысқа ірі бизнесті қатысуға шақырамыз, - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы қазіргі кезде ағымдағы жоспарлар қайта қаралып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ Президент тапсырмаларын ескере отырып, өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған қажетті шараларды қамтитын 2022 жылға арналған Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы әзірленуде, - деді ол.
Әлихан Смайылов Президенттің Үкімет алдына қойған барлық тапсырмасы орындалатындығын да баса айтты.
Біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бизнеспен бірлесіп белсенді жұмыс жасаймыз, - деді Премьер-министр.