Үкімет: Биыл 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазақстанда құрылыс саласында жоғары өсу қарқыны байқалып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, құрылыс саласы – ел экономикасында тұрақты өсім көрсетіп келеді.

Құрылыс жұмыстарының өсуі 18,5%-ға дейін жеделдеді. 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 5,2%-ға артық, - деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Еске салайық, бұған дейін вице-премьер кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетілгенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы