Үкімет білім саласындағы олқылықтарды жоюға кірісті

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда білім саласын қаржыландыруға қатысты нақты тапсырма бергенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы білім және денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мәселесін қайта қарауды тапсырып, саладағы негізгі мәселелер мен олқылықтарды атап өтті. Осыған байланысты нақты жұмыстар қолға алынады, - деді Балаева.

Бүгінде білім беру саласында пилоттық режимде жекеменшік мектептерді цифрлық есепке алуды, негізгі процестерді автоматтандыруды және бюджеттеу жүйесімен синхрондауды көздейтін жаңа тетік енгізілді. Нәтижесінде 785 жекеменшік мектеп толық цифрландырылды.

Бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану үшін жаңа жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізіледі. Мемлекеттік қаржыландыру енді тек өңірдегі нақты қажеттілік бар жекеменшік мектептерге ғана бағытталады. Бұл ретте мемлекеттік мектептердің болмауы, үш ауысымды оқытуды жою және апатты мектептердің орнына жаңа білім беру нысандарының салынуы негізгі басымдық ретінде айқындалып отыр, - деп айтты Үкімет мүшесі отырыста.

Оның айтуынша, білім саласына жекеменшік инвестицияны тарту үшін мемлекеттік тапсырыссыз, тек инвестициялық шығынды өтеу механизмі сақталды.

Сонымен бірге Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жекеменшік мектептерге лицензиядан кейінгі бақылау жүргізіледі. Бақылау аясында білім беру сапасының сақталуына, педагог кадрлармен қамтамасыз етілуіне және балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы