Үкімет басшысы: Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Сондай-ақ ауруханалардың жүктемесінің азайғанын алға тартты.
Үкімет басшысының айтуынша, инфекциялық ауруханалар мен жансақтау бөлімдеріндегі жүктеме 35%-ға дейін төмендеген көрінеді.
Инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеген 57 стационар коронавирус инфекциясына шалдыққан пациенттерді қабылдайтын стандартты режимнен шықты. Қазіргі уақытта 7,1 млн-ға жуық адам вакцинаның І компонентін, 6 млн-ға жуық адам екпенің ІІ компонентін алды, - деп атап өтті Асқар Мамин.
Сондай-ақ өңірлердің «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысуы ұлғайған. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары қазіргі таңда «сары» аймақта. Түркістан облысы – «жасыл» аймақта қалып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде вакцинациялау қарқынды жүргізіліп атқанын, ел тұрғындарының 75%-дан астамы екпе алғанын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Досаев қымбаттайтын өнімдерді атады
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы