Үкімет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады

Премьер-министр Олжас Бектенов Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ұлтаралық татулық пен этносаралық келісім үйлесім тапқан біздің еліміз үшін де ерекше мейрам. 

Халқымыздың ауызбіршілігі, ұлт пен ұлыстың және түрлі дін өкілдерінің өзара сыйластығы — тәуелсіз мемлекетіміздің ең үлкен байлығы. Осынау рухани кемел құндылықтарды ұлықтай білген қазақстандықтар әрдайым бір-бірін мейірімге, шынайы бауырластыққа, ізгі қадамдарға үндейді.
Қуанышты күні шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын. 

Еліміздің барша православ христиандарына және отандастарымызға зор денсаулық, бақытты ғұмыр, толайым табыс тілеймін! - делінген Үкімет басшысының құттықтауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы