Үкімет басшысы: "Мопед мәселесі уайымға айналды"

Үкімет басшысы Олжас Бектенов мопед мінгендердің жол үстінде жиі апатқа ұшырайтынын айтып, Ішкі істер министрлігіне бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Мопед мәселесі уайымға айналды" деген мақаланы оқып шықтым. Сонда көрсетілгендей биылдың өзінде мопедтердің қатысумен болған апатта 27 адам қаза тапты. Масқара дерек. Осы мәселені қалай шешіп жатырмыз? – деп сұрақ қойды Премьер-министр Олжас Бектенов.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мұндай проблема барын жасырмады.

Көбіне мопедті басқаратын жасөспірімдер мен курьерлер. Қазіргі таңда заңнамалық шараларды қабылдап жатырмыз. Бірінші - бүкіл маподтерді тіркеу жұмысын жүргізу. Кейін мемлекеттік нөмір беріледі. Яғни мопед жүргізу үшін куәлік керек болады. Қазір заң жобасы Сенатта қаралып жатыр, – Саденов.

Ведомстово басшысының дерегінше, осы уақытқа дейін 39 мың жүргізуші анықталып, жазаға тартылған.

Оның ішінде 202 азамат кәмелетке толмағандар. Олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Жол ережелерін өрескел бұзған үшін арнайы орынға 5 мыңнан астам мопедтер қамалды, – деді ІІМ басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы