19 Қазан 2021, 11:20
Үкімет басшысы КВИ мен тұмауға қарсы егу науқанын жалғастыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Оның айтуынша, еліміздегі эпидемиологиялық жағдай бір деңгейде, нашарлау байқалмайды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Оның айтуынша, еліміздегі эпидемиологиялық жағдай бір деңгейде, нашарлау байқалмайды.
Жалпы эпидемиологиялық жағдай бір деңгейде сақталып отыр, нашарлау байқалмайды. Барлық өңірде аурушаңдық деңгейі айтарлықтай төмендеген, жағдайы ауыр және стационарлық, амбулаторлық ем қабылдап жатқан науқастар саны да азайған, - деп атап өтті Үкімет басшысы.Премьер-министр коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстарына да тоқталды.
Қазір біздің алдымызда ұжымдық иммунитеттің 60%-на жету мәселесі тұр. Қазіргі уақытта бірінші компонентпен барлығы 8 млн-нан астам адам вакцинацияланған. Ал екінші компонентті 7,2 млн-нан астам адам салдырған. Сондай-ақ тұмауға қарсы екпе салу науқаны да жалғасып жатыр. 1,4 млн қазақстандық тұмауға қарсы вакцина алған. Екпе науқаны бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырамын, - деп атап өтті Асқар Мамин.Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі елімізде қанша адамның індеттен емделіп жатқаны туралы айтқан болатын.
- IMD World Competitiveness 2026: Қазақстан экономикалық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТМД елдері арасында топ жарды 19:40
- Үш күнге арналға ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 19:32
- Қазақстан мен Өзбекстан транзитті жеңілдетуге келісті 19:00
- Жасөспірімге тағайындалған бір жылдық түрме жазасы қоғамдық жұмысқа ауыстырылды 18:36
- Президент БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады 18:20
- Ақтауда балалар жолақысын қымбат төлеп келген: Прокуратура араласты 18:07
- Алматы тауларындағы әлемдік деңгейдегі курорт: Не салу керек, нені сақтау қажет? 17:50