Үкімет басшысы фармацевтика мен медицина өнеркәсібін дамытуға қатысты тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

Айтуынша, ішкі нарықта отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар өндірісін арттыру – еліміздің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі.

Осыған байланысты мынадай тапсырмалар беремін. Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистрибьютормен бірлесіп, елде дәрілік заттар өндірісін толық локализациялау, олардың номенклатурасын кеңейту бөлігінде ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын бекіту критерийлерін жетілдіру мәселесін пысықтасын. Сондай-ақ қажетті кадр дайындау жұмыстарын күшейту қажет, - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар ол Денсаулық сақтау министрлігіне BIGPHARMA-ның ішінен жетекші трансұлттық компанияларды республикаға тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды. 

ДСМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 28 маусымға дейін Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі өзектендірілген кешенді жоспарының жобасын Үкімет қарауына енгізсін, - деді Үкімет басшысы.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы