Үкімет азық-түліктің қолжетімділігі мәселесін қалай шешетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
Айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар өсуінің нақты қарқыны 2,6%-ды құраған.
Инфляцияның деңгейі жылдық көріністе 14,5%-ды құрады. Оның негізгі факторлары әлемдегі қолайсыз геосаяси жағдай, тауар нарықтарындағы жаһандық бағаның өсуі, көрші елдерден кейбір тауарларды импорттауға тыйым салу болды. Инфляцияны төмендету үшін Үкімет Ұлттық Банк және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда. Шаралар кешені отандық өнім өндіру көлемін ұлғайтуға, сақтау мен тасымалдау тетіктерін дамытуға, баға белгілеуді бақылауға, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуге бағытталған, - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Сондай-ақ импорттық тәуелділікті азайту бойынша инвестициялық жобалар жүйелі негізде іске асырылып отырғанын атап өтті.
Азық-түлік тауарларының қолжетімділігі мәселесін жүйелі шешу үшін Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жоспары қабылданып, іске асырылуда. Ол физикалық және экономикалық қолжетімділікті, сондай-ақ азық-түлік тауарларының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, - деді Әлихан Смайылов.