Үкімет «АрселорМитталды» 500 млрд долларға сатып ала ма

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Премьер-министрге Үкіметтің бұрынғы инвесторға 500 миллиард доллар төлеуге дайын екендігі рас па деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біріншіден, бұл шындыққа жанаспайды. Екіншіден, компанияны Қазақстан Республикасына беру шарттары туралы алдын ала келісімге сәйкес, біз қазір бұл келісімнің егжей-тегжейлерін аша алмайтынымызды айтқым келеді, — деді Әлихан Смайылов.

Ол келіссөз аяқталғаннан кейін барлық ақпарат БАҚ пен халыққа жеткізілетінін айтты.

Алдын ала жасалған келісімге сәйкес, біз 30 қарашаға дейін барлық заңды рәсімдерді аяқтауымыз керек. Осыдан кейін барлық ақпарат қолжетімді болады, - деді Премьер-министр.

Сонымен қатар Смайылов атап өткендей, «АрселорМитталды» алатын жаңа инвесторда 3 млрд доллар болуы қажет және оны 3 жылдың ішінде салуы қажет. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы