Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары тағайындалды

Асқар Жәкенов Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-министрдің қаулысымен Асқар Серікжанұлы Жәкенов Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Асқар Жәкенов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.

1998-1999 жылдары – «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ-ында сыртқы экономикалық байланыстар, кеден және банк ісі бойынша жетекші маман, заң кеңесшісі.

1999-2002 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы.

2002-2003 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде басқарма басшысының орынбасары.

2003-2004 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде басқарма басшысы.

2004-2012 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013-2019 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

2019-2023 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары.

2023-2024 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2024 жылдың ақпанында ҚР Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы