Үкімет 2023-2027 жылдары мұнай мен доллар бағасы қанша болатынын болжады

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметте деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Сыртқы және ішкі параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған үш сценарийі әзірленді.Базалық сценарий кезінде мұнайдың орташа бағасын барреліне 85$ деңгейінде және АҚШ долларының есептік бағамын 470 теңге деңгейінде пайдалану ұсынылады. Осы сценарий бойынша жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсуі 3,9 %-ды құрайды, оның ішінде 2023 жылы - 4%, - деді ол.

Министр оптимистік сценарий кезінде мұнайдың болжамды бағасы барреліне 110$, АҚШ долларының бағамы – 440 теңге деңгейінде анықталды. 

Экономиканың орташа жылдық өсуі 4,2 % деңгейінде болжанып отыр екен.

Пессимистік сценарийде мұнай бағасы барреліне 60$ және ЖІӨ-нің болжамды нақты өсуі орта есеппен 3,5%-ды құрайды.Инфляция барлық сценарийлерде 2023 жылы 7,5-9,5% деңгейінде, 2024 жылы – 4-5% деңгейінде, кейіннен 2025 – 2027 жылдары 3-4%-ға дейін төмендейді деп белгіленді.Бюджеттік жоспарлау үшін негіз ретінде базалық сценарийді пайдалану ұсынылады.Осы сценарийге сәйкес ЖІӨ-нің нақты өсуі 2023 жылғы 4,0%-дан 2027 жылы 4,2 %-ға дейін жеделдейді, - деді министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы