Үкімет 10 күн ішінде инвестициялық саясатты жаңарту шараларын әзірлейді

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау бойынша нақты шаралар қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атап айтқанда, инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңарту жұмыстары 10 күн ішінде іске асырылуы тиіс.

Президент Жолдауда еліміздің жаңа инновациялық және инфрақұрылымдық даму жолын нақты көрсетті. Осы міндеттерді орындау үшін ең алдымен инвестиция көлемін арттыру қажет. Мемлекет басшысы жаңа инвестициялық кезеңді бастауды тапсырды. Сондықтан біз инвесторлармен бірыңғай өзара іс-қимыл тетігін құруымыз керек. Бұл жұмысты өте қысқа мерзімде – 10 күн ішінде атқаруымыз қажет, – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, инвестициялар саласында тартылған әрбір теңге заңнамамен және оңтайлы тәжірибелермен бекітілген мықты кепілдіктермен қорғалуы керек. Әсіресе жоғары технологиялық салаларға бағытталған инвестицияларға арнайы артықшылықтар мен қолдау шаралары қарастырылады.

Сонымен қатар Үкімет басшысы экономикалық реформаларды жеделдету қажеттігін атап өтті. Президент тапсырмасы бойынша:

  • Мемлекеттік секторды реформалау жөнінде нақты ұсыныстар әзірленеді;
  • Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттің экономикадағы үлесін заңнамалық тұрғыда шектеуге тиіс;
  • Бюджеттік қаражатты тиімді және уақтылы игеру үшін әкімшілердің жауапкершілігі күшейтіледі;
  • Қаржылық тәртіп сақталып, әрбір теңгенің тиімді жұмсалуы талап етіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы