Уханьда коронавирус еш симптомсыз өтуде – зерттеулер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында жергілікті тұрғындарды COVID-19 вирусына жаппай тестілеу нәтижесінде коронавируспен ауырған адамдар болмады. Алайда 300 адамның еш симптомсыз ауырып жүргені анықталды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

14 мамырдан 1 маусымға дейінгі аралықта 11 миллион тұрғыны бар Ухань мегаполисінде 9,9 миллионға жуық адам нуклеин қышқылына тестілеуден өтті, нәтижесінде COVID-19 ауруының расталған жағдайлары табылмады. Алайда 300 адамнан коронавирустың еш симптомсыз өтіп жатқаны анықталып, олар карантинге жабылды.

Ал олармен қарым-қатынас жасаған 1174 адамның талдауы теріс нәтиже көрсеткен.

Бір айта кетерлігі, тестілеу ерікті және тегін болды, барлық шығынды Ухань қаласының әкімшілігі өз мойнына алды. Симптомсыз тасымалдаушылардан басқа адамдарға вирустың жұғуы анықталмады.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдағы коронавирустың ошағына айналған Уханьда қаңтар айы кезінде 76 күнге созылған карантин енгізілген болатын. Жалпы алғанда, Қытай мегаполисінде індет басталғаннан бері 50 мыңнан астам коронавирус ауруы тіркелген, 3869 адам індеттен көз жұмды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы