Уханьда қазақстандық сауда орындары ашыла бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық Қытайдың ірі қаласы - Уханьда қазақстандық сауда орындары ашыла бастады. Бұл туралы Бақыт Сұлтанов өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды.
Қараша айында Қытайда болған кезімде жергілікті мэриямен қазақстадық тауарлардың жергілікті дүкендерге жеткізілуі туралы ұзақ сөйлескен болатынбыз. Сол кезде KazakhExport пен Wuhan Asia Europe Logistics Co., Ltd. арасындағы арнайы vеморандумға қол қойылды.
Енді міне, 12 миллион халқы бар қаланың гипермаркетінде қазақстандық өнімдер бөлімі ашылды. Made in Kazakhstan белгісі бар май, конфет, печенье, шарап, шырын және минералды су, арақ, ұн мен жармалар сатылатын болады. Бұл біздің Қытай нарығындағы алғашқы "тауар экспансияларымыз" ғана. Жақын арада біздің тауарлар Хубей провинциясының барлық гипермаркеттерінде сатыла бастайды. Бірінші дүкен - шағын ғана жеңіс. Бірақ, ол үлкен қадамдар жасаудың бастамасы болмақ, - деп жазды министр