Уилл Смит әйелін әзілдеген жүргізушіні шапалақпан ұрып жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Король Ричард» фильмі үшін «Оскар» алған америкалық актер Уилл Смит әйелін әзілдеген жүргізушіні шапалақпен ұрып жіберді.

«Оскар» жеңімпаздарын мараттау рәсімінде шоумен Крис Рок Смиттің әйелі Джейда Пинкетт-Смиттің шаш үлгісін әзілге айналдырған.

Жүргізуші актрисаны «Солдат Джейн» фильміндегі Деми Мур кейіпкерімен салыстырды.

Мен сені жақсы көремін, Джейда, сені «Солдат Джейн 2» фильмінде көруді асыға күтемін, - деді рәсім жүргізушісі Крис Рок.

Осыған дейін Пинкетт-Смит шашы түсіп жатқаны туралы айтқан болатын. Ол осы рәсімге шашын тақырлап алып тастап келді.

Осы сөздерден кейін Уилл Смит сахнаға шығып келіп, әріптесінің бетінен шапалақпен ұрады. Актер орнына оралғаннан кейін ол Рокқа әйеліне абайлап сөйлеу керек екенін қатаң ескертті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы