Уханьда 10 күнде салынған аурухананың фотолары шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уханьда коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналып, жылдам салынған аурухана жұмыс істей бастады.
Қытайдың Ухань қаласында 10 күнде салынған мамандандырылған алғашқы аурухана жұмысын бастады. Бұл туралы Associated Press жазады.
"Хошэньшань" ауруханасы мың адамға арналған. Оның құрылысы 23 қаңтар күні кешке басталып, тез аяқталды.
Ауруханада Қытай Халық-босату армиясының арнайы медициналық командалары жұмыс істейді.
Қытай Үкіметі екінші аурухананың құрылысын 6 ақпанда аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл аурухана да Уханьда салынып жатыр.
Айта кетейік, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 361-ге жетті. Ал індетті жұқтырғандардың қатары 16600-ге жуықтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресейден коронавирусты анықтайтын тест жеткізілді
Өзгелердің жаңалығы