Уханьдық штаммен ауырғандар «дельта» штамымен ауырып жатқан жоқ – дәрігер

Алматы, BAQ.KZ. Уханьдық штаммен ауырып шыққан кісілердің 100 пайызы «дельта» штамымен ауырып жатқан жоқ. Бұл туралы нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев айтты, деп жазды Almaty-akshamy.kz.

Маманның айтуынша, адамның жеке индивидуалдық қасиеттері иммунитетке қатты әсер етеді. Ол уханьдық штамм мен «дельта» штамының ұқсастықтары бар екендігін де жеткізді.

Коронаовирус өзі қызық инфекция болып тұр. Оның құрылымы, жалпы, енді вакцина жасалып болып, нәтижесін көрсетіп жатқандықтан, уханьдық штамм мен «дельта» штамының ұқсастықтары бар. Уханьдық штаммен ауырып шыққан кісілердің 100 пайызы «дельта» штамымен ауырып жатқан жоқ, - дейді нейрохирург.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы