Уханьда жеті адамнан коронавирус табылды: Билік 11 миллион тұрғыннан тест алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы ауру азайған болатын. Енді жаңа жағдайлар анықталғаннан кейін Уханьның барлық тұрғыны коронавирусқа тексерілді.
Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа жағдайлары тіркелді, сондықтан билік бүкіл халықты, 11 миллионнан астам тұрғынды тексеруге шешім қабылдады.
Қалада өткен жылдан бастап COVID-19 ауруының жаңа жағдайлары болммаған еді. Болған жағдайда да бірлі-жарым жағдай тіркелген. Дүйсенбі күні 2 тамызда билік жеті адамның коронавирус жұқтырғаны туралы хабарлады. Жаңа аурудың алдын алу үшін бүкіл қала тұрғындарынан тест алу туралы шешім қабылданған, - деп хабарлайды Global Times.Белгілі болғандай, вирус Чжуанкоу ауданының тұрғынынан табылған, одан тағы алты жақын адамға жұққан. Осыған байланысты қазір бүкіл аудан, сондай-ақ, науқас адамның жұмыс орнына жақын орналасқан көшелер жабылған.
Қалалық метрода карантиндік шаралар күшейтілді, бетперде киіп жүру міндеттелді, адамдардың дене температурасы өлшеніп отырады және тұрғындардың жалпы денсаулығы жіті тексеріліп тұратын болады. Чжуанкоу кварталының жанындағы бірнеше метро стансасы уақытша жабылды. Билік адамдарды белсенді вакцинациялауға шақырады.
Жергілікті тұрғындар қабылданған қауіпсіздік шараларын қолдайды, аса қажет болмаса, үйден шықпау керектігін айтады.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың мамырында Ухань ауруханасынан соңғы науқас емделіп шыққан болатын. Кейін бір айға жуық уақыт өткен соң, қалада жаңа жағдайлар тіркеле бастады. Содан кейін жедел штаб барлық тұрғынды COVID-19-ға тексеруді тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
19 миллионыншы тұрғын дүниеге келді – Тоқаев
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы