UFC: Шавкат Рахмоновтың салмақ дәрежесінде жаңа чемпион анықталды

Шавкат Рахмоновтың салмақ дәрежесіндегі чемпиондық жекпе-жегі сенсацияға ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Америкалық файтер Белал Мұхаммед жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атағы үшін жекпе-жекте британдық Леон Эдвардсты жеңді.

Жекпе-жек Манчестердегі UFC 304 турнирінде өтті, бес раундқа созылды және Мұхаммедтің жеңісімен аяқталды.

Мұхаммед қазір 24 ​​жеңіс пен үш жеңіліске ие болса, Эдвардса еншісінде 23 жеңіс пен 3 жеңіліс бар.

Шавкат Рахмонов (18-0) сол салмақта өнер көрсетеді, ол UFC дивизионының рейтингінде үшінші орында. Бұған дейін БАҚ қазақстандықтың кейін Эдвардс-Мұхаммед жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуі мүмкін екенін жазған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы