13 Қараша 2024 2024, 15:21 Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC: Шавкат Рахмоновтың қарсыласы кім екені белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім екені анықталды. Бұл туралы Red Corner MMA арнасы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім екені анықталды. Бұл туралы Red Corner MMA арнасы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

UFC-дің үздік және жеңілмеген қазақ файтері Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) UFC чемпионатының бұрынғы иегері нигериялық Камару Усманға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, UFC 310 турнирінде Шавкат қазіргі жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммедпен күресуі керек еді. Алайда, американдық-палестиналық жауынгер денсаулығына байланысты жекпе жектен бас тартуға мәжбүр болды.

Көп ұзамай бірнеше файтер, соның ішінде Камару Усман да Рахмоновпен күресуге дайын екендіктерін мәлімдеді.