UFC қазақстандық жекпе-жек шеберімен толықты

Қазақстандық жекпе-жек шебері UFC сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Vesti.kz мәліметінше, Ресейден шыққан жекпе-жек шебері Ирина Алексеева UFC-дің орысша сайтында қазақстандық деп таныстырылған.

Алексеева промоушнда 30 сәуір күні алғаш рет сынға түседі. Оның UFC-дегі алғашқы қарсыласы - швейцариялық Штефани Эггер. Эггер бұған дейін осы ұйымда бес рет жұдырықтасқан. 

Алексеева 32 жаста. Ол 2019 жылғы наурыздан бастап ММА-де шыға бастады. Бес рет жекпе-жекке шықты. Оның біреуінде жеңіліс тапты. Bellator 269 турниріндегі соңғы жекпе-жегінде спортшы төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен франциялық Стефани Лило Пейджді ойсырата жеңді. 

Айта кетейік, "ресейлік Ронда Роузи" лақап атымен танымал Алексеева Қазақстан тумасы. Ол Гурьев қаласында (ред. - қазіргі Атырау) дүниеге келген. Ирина 14 жасына дейін Атырауда тұрып, оқыған екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: vesti.kz
Өзгелердің жаңалығы