UFC Қазақстанда турнир өткізуге ниетті

UFC халықаралық мәселелер жөніндегі вице-президенті Дейв Шоу ұйым Қазақстанда ресми түрде турнир өткізуге ниетті екенін айтты. Бұл туралы "Спорт Шредингера" телеграм каналы жазды.

Дейв Шоу Абу-Дабидегі UFC Fight Night-тен кейінгі баспасөз мәслихатында турнирлерді өткізу үшін қандай елдер қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Сауд Арабиясымен тәжірибе жасағаннан кейін біз осы аймақтағы келесі елдерді - Бахрейн мен Иорданияны, ал Еуразияда - Қазақстан, Грузия және Әзербайжанды зерттеп, жаңа турнирлерді өткізуге ниеттіміз. Біз зерттейтін көптеген әртүрлі мүмкіндік бар, бірақ мен бүгінгі күні барлық мәліметті айта алмаймын", - деді Дейв Шоу.

UFC Қазақстанда UFC Fight Night турнирін төрт жыл бұрын 2020 жылғы 13 маусымда "Астана Аренада" өткізбек болған, бірақ бұған коронавирус кедергі болды. Ол турнирде жеңіл салмақтағы ең үздік жекпе-жек орыс Петр Ян мен бразилиялық Марлон Мораес арасында болады деп жоспарланған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы