UFC Хабибке қатысты соңғы үкім шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC басшысы Дана Уайт UFC 249 турнирі 18 сәуірде ресейлік Хабиб Нурмагомедовсыз өтеді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир Хабибсіз өтетін жекпе-жектер тізімін ертең жариялаймын, - деп жазды Уайт.
Турнирдің өтетін орны әлі жарияланған жоқ. Бастапқыда төбелес кешін Нью-Йорк қабылдайды деп жарияланған еді, бірақ коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды. Кештің басты оқиғасы - Нурмагомедовтың американдық Тони Фергюсонмен жекпе-жегі болуы тиіс еді. Нурмагомедов қазір Ресейде, ресейлік файтер осыған дейін ол турнирге қатыспайтынын алдын ала айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлыбритания премьері коронавирспен ауруханаға түсті
Өзгелердің жаңалығы