11 Қыркүйек 2022 2022, 10:43

UFC файтері Хамзат Чимаев бірінші раундта қарсыласын жеңді

UFC 279 турнирінде шешен тектес швед Хамзат Чимаев америкалық Кевин Холландты жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

UFC 279 турнирінде шешен тектес швед Хамзат Чимаев америкалық Кевин Холландты жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Чимаев жекпе-жектің алғашқы секундтарында-ақ америкалыққа тап беріп, қылқындыру әдісімен жеңді.

Қазір Чимаевтың еншісінде 12 жеңіс бар. Холландқа келетін болсақ, бұл оның мансабындағы сегізінші және UFC-дегі бесінші жеңілісі (10-5).

Бастапқыда Хамзат Чимаев америкалық Нейт Диаспен жұдырықтасуы керек еді, бірақ ол жартылай орта салмақтағы шекті орындамай, UFC басшылығы бірден үш жұпты ауыстыруға мәжбүр болды. Бастапқыда Холланд Даниэль Родригеспен жекпе-жек өткізуі керек болған.