UFC. Чемпиондық титул үшін жекпе-жекке дайынмын – Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов Лас-Вегастағы  жекпе-жектен соң келесі қарсыласы туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ол барша қазақстандықтарға және елімізде спорттың дамуына ат салысып жүргендерге алғысын білдірді.

Мен титулға жақындап қалдым. Енді бір-екі жекпе-жек қалды.  Дәл қазір жекпе-жекке шығуға дайынмын, – деді Шавкат Рахмонов UFC 285 турнирінде.

Сондай-ақ файтер  сөз соңында Колби Ковингтонмен немесе чемпион атағы үшін күресуге дайын екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы