10 Қазан 2021 2021, 19:30

UFC: Агапова украиналық файтерді жекпе-жекке шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің  файтер аруы Мария Агапова UFC Fight Night 194 турнирінде Сабина Мазоны жеңгеннен кейін украиналық Марина Морозды жекпе-жекке шақырды. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің  файтер аруы Мария Агапова UFC Fight Night 194 турнирінде Сабина Мазоны жеңгеннен кейін украиналық Марина Морозды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады. 

Марина Морозды жекпе-жекке шақырғым келеді, себебі сұхбаттарында ол мен туралы түрлі жаман сөз айтты. Бірақ маған басқа қарсыласты міндетті түрде дайындап қойыңыздар, себебі ол менен қорқатынына сенімдімін, — деді Агапова колумбиялық Сабина Мазоны жеңгеннен кейін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Агапова Сабина Мазоны жеңгені туралы жазған болатынбыз.