UFC 310: Шавхат Рахмонов жеңіске жетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавхат Рахмонов UFC 310 турнирінде қарсыласы ирландиялық файтер Иан Машадо Гэрриді жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық атаққа қарсыласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнир АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылды. Екінші басты жекпе-жек 5 раундқа жоспарланған еді. Nomad өте қиын өткен төбелесте төрешілердің бірауыздан шешімімен басым түсті.

Айта кетейік, жартылай орта салмақта өнер көрсететін 27 жастағы ирландиялық спортшы UFC-де 2021 жылы  дебют жасап, сол уақыттан бері 15 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңген.

Бұған дейін Шавхат Рахмонов UFC чемпионы Біләл Мұхаммедпен жекпе-жекке шығуы тиіс болған. Алайда, денсаулығына байланысты тегі палестиналық спортшы бұл кездесуден бас тартты. Сол себепті басты жекпе-жектің орнына Рахмонов пен Гэрридің айқасы ұйымдастырылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы