Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 16,2 миллионға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында азаматтық авиация саласында істелінген бесжылдық жұмыстың қорытындысын баяндады.
Оның айтуынша, "Нұрлы жол" еліміздегі бірнеше әуежайдың терминалдары жөндеуден өткен. Сол үшін 128 млрд теңге инвестиция тартылған.
"Соңғы бес жылда отандық әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 16,2 млн адамға дейін өсті, 8,1 млн жолаушы тасымалданды. Бұл 2014 жылға қарағанда 47 %-ға артық. Жалпы, отандық авиакомпаниялардың әуе кемелері паркінің өсуі мен жаңартылуы байқалады. Әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне 78 бірлік енгізілді. Ал негізгі тасымалдаушылар паркін 22 ұшаққа толықтырды", - дейді ведомство басшысы.
"Петропавл, Тараз, Семей, Орал, Балқаш, Алматы, Қостанай әуежайларындағы алты ұшу-қону жолақтары қайта қалпына келтірілді. Бұл бірінші "Нұрлы жол" аясында жүзе асты. Түркістан әуежайының жолағын жаңғыртуды биылғы жылы бастадық. Бұл жаңа "Нұрлы жол" бағдарламасына кіреді", - дейді министр.Халықаралық авиамаршруттар саны 99-ға жеткен. Қазақстан осы күні 26 мемлекетпен әуе қатынасын орнатқан.
"Гонгонг, Ұлан-Батор,Токио, Прага секілді жаңа бағыттар ашылды. Бұрыннан бар Лондон, Мәскеу, Пекин, Ыстамбұл бағыттарында ұшу жиілігі ұлғайды. Қытаймен шекарадағы терминалдардың жылдық өткізу қабілеті 40 миллион тоннаға артты", - дейді Бейбіт Атамқұлов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы