ҮЕҰ өкілдері спорт және туризм саласындағы өзекті мәселелерді талқылады
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосудың мақсаты – азаматтық қоғаммен ашық диалог орнатып, туризм мен спорт саласындағы өзекті мәселелерді бірлесе талқылау, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуге ҮЕҰ өкілдерімен қатар Спорт және дене шынықтыру істері, Туризм индустриясы, сондай-ақ Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеттерінің басшылары қатысты. Олар министрліктің 2025 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындылары мен негізгі көрсеткіштерін таныстырды.
Талқылау барысында қатысушылар спорт инфрақұрылымының қолжетімділігі, жергілікті туризмді дамыту, спорттағы инклюзия, туристік қауіпсіздік және қызмет сапасын арттыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер спортына қолдау көрсету мен бұқаралық спортты кеңейту жолдары да сөз болды.
ҮЕҰ өкілдері министрлікпен тұрақты байланыс орнатып, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру қажет екенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТЖМ тікұшағы ерлі-зайыптыларды шұғыл түрде Көкшетауға жеткізді
Өзгелердің жаңалығы