ҮЕҰ гранттық қаржыландыру тәсілдеріне өзгерістер енгізілді
«ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанда заңға сәйкес ҮЕҰ гранттық қаржыландыру тәсілдеріне өзгерістер енгізілді. Жаңа формат АҚШ, Ұлыбритания және Еуропа елдерінің үздік халықаралық тәжірибесі негізінде ұсынылған. Гранттарды жоспарлаудың жаңа форматы енгізілгеннен кейін мемлекеттік органдар күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, проблемаларды белгілей отырып, өзекті бағыттар бойынша ғана гранттарды жоспарлайды. Ал ҮЕҰ конкурстық рәсімдер шеңберінде белгіленген проблеманы шешуге бағытталған өз жобаларын ұсынатын болады.Осылайша, жаңа форматты енгізу - гранттарды халықтың қажеттіліктеріне бағдарлауға, халықаралық тәжірибеде кеңінен пайдаланылатын «төменнен жоғарыға» тәсілін енгізуге мүмкіндік береді және қоғамдық бастамаларды қолданыстағы күн тәртібіне енгізіп, жедел ден қоюды қамтамасыз етеді, - деді ол.
Қожахметтің айтуынша, гранттың түріне байланысты қаржыландыру көлеміне, іске асыру мерзімдеріне, ҮЕҰ үшін конкурсқа қатысу шарттарына, есептілікке әртүрлі талаптар айқындалады.
Мұндай тәсіл гранттық қаржыландыру рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мысалы, жаңа бастаған ҮЕҰ қысқа мерзімді гранттарды іске асыруға қатыса алады, онда конкурсқа қатысу кезінде және есептілік бойынша оңайлатылған жүйе көзделген. Тиісінше, жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар ҮЕҰ орта мерзімді және ұзақ мерзімді жобаларға қатыса алады, онда әлеуметтік жобаларды сапалы іске асыру үшін ұйымның қандай да бір саладағы белгілі бір жұмыс тәжірибесі ескеріледі, - деді ол.
Ол атағандай, гранттардың тиімділігін бағалау енгізілді, бұл көрсетілетін қызметті алушылардың ҮЕҰ қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін, бюджет қаражатының тиімділігін бағалауға және алдағы жылдарға гранттарды қалыптастыру үшін негіздемелер алуға мүмкіндік береді.