ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар байқауы жарияланды

ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар байқауы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Ғалым Құрман мәлімдеді.

Сөзінше, Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында беріледі.

Биыл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысына сәйкес 6 сала бойынша 47 грант, оның ішінде 22 – қысқа мерзімді, 16 – орта мерзімді және 9 ұзақ мерзімді жоба іске асырылады. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу; азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, - деді ол.

Гранттарды барлық бағыт бойынша іске асыру Орталыққа әлеуметтік қажеттіліктер мен мұқтаждықтардың, сондай-ақ жергілікті бастамашыл топтар мен қоғамдық ұйымдардың мүмкіндіктерінің толық көрінісін байқауға мүмкіндік береді.

2023 жылға арналған Республикалық бюджет қаражатынан бөлінген гранттардың жалпы сомасы - 1 млрд 292 мың теңге.

Биыл ҮЕҰ-дан өтінімдер мемлекеттік гранттар берудің жаңа ережелеріне сәйкес қабылданады. Жаңа механизм шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың өздері мәселені шешу жолдарын ұсынатын «төменнен жоғарыға» тәсілі енгізіледі. ҮЕҰ-мен, жұртшылықпен консультациялар және халықаралық тәжірибені талдау негізінде градуирленген гранттар жүйесі енгізілді. Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар енгізілді. Гранттың түріне қарай қаржыландыру көлеміне, іске асыру мерзімдеріне, ҮЕҰ үшін конкурсқа қатысу шарттарына, есептілікке қойылатын әртүрлі талаптарға сәйкес айқындалады, - деп айтты Ғалым Құрман ОКҚ-да.

Қысқа мерзімді гранттарды іске асыру мерзімі үш айдан 12 айға дейін, орта мерзімді гранттарды – бір жылдан екі жылға дейін. Ал ұзақ мерзімді гранттар 2 жылдан 3 жылға дейін жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы