«ҮЕҰ Академиясы» жобасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында «ҮЕҰ-ның білім беру қызметтеріне мұқтаждығы» зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы өтті. Бұл іс-шара «Азаматтық бастама орталығы» қоғамдық бірлестігінің «ҮЕҰ Академиясы» жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Сапалы оқытуды жүргізу және ҮЕҰ-ға жұмыста аса қажетті ақпаратты ұсыну үшін Академия сарапшылары фокус-топтардың қатысуымен ауқымды зерттеу жүргізіп, қоғамшыл топтардың әлсіз тұстарын анықтады.

Іс-шара барысында сарапшылар жүргізілген зерттеу нәтижелерін және білім беру бағдарламаларының тақырыптар каталогын, сондай-ақ алынған қорытындыларға негізделген ҮЕҰ Академиясының компоненттері ұсынылды.


Алдымен өзіміздің қаржылық тәуелсіздігімізді нығайтып, тұрақтылығымызды дамытуымыз қажет. Бұған ҮЕҰ-на фандрайзинг және әлеуметтік кәсіпкерлік дағдылары, ұйымды және адам ресурстарын басқару саласындағы білім және тағы басқа шаралар көмектесе алады. ҮЕҰ-ға кез келген бизнеске қарағандай қарау керек, сондықтан тиісті құзыреттерді дамыту қажет, - деп атап өтті «Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары Ирина Виговская.


Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, сарапшылар оқыту тақырыптарының каталогын жасады.

Олардың барлығы 2021 жылғы 15 маусым мен 15 қыркүйек аралығында онлайн-форматта өтетін оқыту бағдарламасында барлығы 5 тренингтен тұратын 8 білім беру модулі қарастырылған. Оқыту тақырыптарының ауқымы өте кең, оған маркетинг және PR, фандрайзинг, жобаларды басқару, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік жобалау және басқа да тақырыптар кіретін болады. Оқудың басында және оқу аяқталғаннан кейін оқудың қаншалықты тиімді болғанын түсіну үшін өлшемдер жүргізіледі, - деп атап өтті ҮЕҰ Академиясының жалпы білім беру компонентінің үйлестірушісі Камила Төлебаева.

Сонымен қатар ҮЕҰ Академиясының зерттеу компонентінің үйлестірушісі Елена Швецованың айтуынша, бұл зерттеу ҮЕҰ-ның қандай қажеттіліктері бар екенін түсінуге көмектеседі.

Мұндай зерттеулер өте қажет, өйткені ҮЕҰ-дың жұмысын зерделеу, азаматтық қоғамға тарту бойынша зерттеулер өте аз, - деп атап өтті ол.

Осы кезеңде қазақстандық ҮЕҰ-ның шамамен 800 өкілін оқыту жоспарланып отыр.

ҮЕҰ Академиясының басты міндеттерінің бірі - азаматтық ұстанымды конструктивті түрде дамыту, сондықтан ол өз рөлін тәуелді жақ ретінде емес, мемлекет пен халықаралық ұйымдардың серіктесі ретінде түсінетін үкіметтік емес ұйымдардың дамуына серпін беруі тиіс. Оқыту азаматтық қоғам бойынша ортаны да қамтуы тиіс деп санаймын, - деп атап өтті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» басқарма төрағасы Лима Диас.

ҮЕҰ Академиясына келесі сілтемелер бойынша google өтінімдерді толтыру арқылы қатысуға болады:

Айта кетейік, «ҮЕҰ Академиясы» жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы