ҰЭМ тұрғын үй беруден көш бастап тұрған өңірлерді атады

Тұрғын үй беруден көш бастап тұрған өңірлер белгілі болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл қаңтарда 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырғы қаңтармен салыстырғанда 39,6%-ға артық. Ең жоғарғы көрсеткіштер Алматы және Атырау облыстарында, Алматы және Астана қалаларында байқалды. Бұл көрсеткіштің айтарлықтай төмендеуі Ұлытау облысында тіркелді, - деп айтты Тимур Жақсылықов.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,3%-ке ұлғайды. Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары көрсетті.

Ұлттық экономика өкілі Үкімет отырысында 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдайға тоқталып өтті.

Барлық көрсеткіш бойынша оң өсім тек 2 өңірде, дәлірек, Қостанай облысында және Алматы қаласында байқалды. 6 көрсеткіш бойынша өсім 10 өңірде тіркелді. Бұл - Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары, Астана мен Шымкент қалалары, - деді вице-министр.

Ал 5 көрсеткіш бойынша оң өсім 6 өңірде – Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалды. Қарағанды облысы 4 көрсеткіш бойынша өсім көрсетті. Абай облысында тек 3 көрсеткіш бойынша оң динамика тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы