ҰЭМ басшысы шикізат пен материалдарды экспорттауға шектеулерді қандай жағдайда енгізетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.

Елімізде бағаның өсуін тежеу мақсатында 2021 - 2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенінің жобасы әзірленді. Шаралар кешені жобасы жедел және орта мерзімдерге арналған 2 бағыт бойынша 70 іс-шарадан  тұрады. Бұл шаралар бағалардың өсуін тежеуге бағытталған шараларды, және де инфляцияның қарқынын бекітілген нысаналы дәлізге кіргізуге бағытталған жүйелі шараларды қамтиды. Бірінші бағыт - 2021 жылға арналған жедел шаралар бойынша іске асырылатын болады, - деді Әсет Ерғалиев.

Ол атап өткендей, тауар ұсынысын кеңейту шеңберінде 16 іс-шараны іске асыру жоспарлануда. 

Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар түрлерін сатып алуды ұйымдастыру және өндірушілердің қажеттілігін айқындау, форвардтық шарттар мен «айналым схемасы» шеңберінде тетігін бекіту көзделген, - деді ол.

Министрдің айтуынша, талдау және ұйымдастыру шаралары бойынша 7 іс-шара жоспарланған.

Бұл іс-шаралар тізімі скрининг, сауда процестерін цифрландыруды, тамақ өнеркәсібінің жартылай жұмыс істейтін және тоқтап тұрған қуаттарын мониторингтеуді және талдауды қамтиды. Соның ішінде  әләуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бақылауды институционалдық күшейту көзделген. Реттеушілік шаралар бойынша 10 іс-шара іске асырылатын болады. Олардың қатарына, ішкі нарықта тапшылық немесе бағаның өсуі байқалса, қажет болған жағдайда   шикізат пен материалдарды экспорттауға  шектеулер енгізіледі. Сондай-ақ, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен экспорттауға алты айға тыйым салу және медициналық қызметтерге кешенді тарифтер бекіту кіреді, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы