ҰЭМ басшысы биыл қанша тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.

Биыл қаңтар-тамызда 8,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 10,5%-ды құрады. Есепті кезеңде барлық өңір оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы өсім Атырау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында байқалады, - деді ол.

Ерғалиев атап өткендей, ауыл шаруашылығында өсім 2%-ды құрады.

14 өңірде оң динамика тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстары көрсетті. Барлық көрсеткіш бойынша оң өсу 5 өңірде - Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында байқалады. Ал 6 көрсеткіш бойынша 8 өңірде өсу байқалады. 3 өңірде 5 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тек 3 көрсеткіш бойынша өсу байқалды. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылып отыр, - деді министр.

Осыған дейін ол сыртқы сауда айналымы қанша теңгеге жеткенін айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы