24 Қазан 2026, 07:22 Фото: © Rhys Morgan

Уэльс жағалауында алып кит дронға түсіп қалды

Финвал – әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған кит. Оның ұзындығы 23,8 метрден асып, салмағы 70 тоннаға дейін жетуі мүмкін. Қоректену кезінде ол аузына су мен ұсақ теңіз жәндіктерін жинап, арнайы сүзгісінің көмегімен криль және басқа да қорегін бөліп алады. Бір рет қорек аулаған кезде шамамен 68 мың литр су жинай алады.

Уэльс жағалауында балық аулап жүрген тұрғын дрон арқылы әлемдегі ең ірі киттердің бірі – финвалды видеоға түсіріп алды. Ғалымдар бұл кездесуді сирек кездесетін әрі сәтті бақылау деп бағалады.

Naked-Science басылымының мәліметі бойынша, Рис Морган есімді Уэльс тұрғыны Селтик теңізінде балық аулап жүрген кезінде дрон ұшырып, су бетіне көтерілген алып китті байқап қалған. Бейнежазбаны The Guardian басылымы да жариялады.

Рис Морган мұнай өңдеу зауытында жұмыс істейді. Табиғатты түсіру оның негізгі кәсібі болмаса да, заманауи дронның көмегімен ерекше кадрларды түсіруге мүмкіндік алған.

Финвал – әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған кит. Оның ұзындығы 23,8 метрден асып, салмағы 70 тоннаға дейін жетуі мүмкін. Қоректену кезінде ол аузына су мен ұсақ теңіз жәндіктерін жинап, арнайы сүзгісінің көмегімен криль және басқа да қорегін бөліп алады. Бір рет қорек аулаған кезде шамамен 68 мың литр су жинай алады.

Бангор университетінің теңіз жыртқыштарының экологиясы бойынша маманы, доктор Марианна Кьимьентидің айтуынша, финвалдың жағалауға жақын жерден көрінуі – ерекше жағдай. Өйткені бұл уақытта киттер әдетте көші-қон бағытында қозғалып кетуі мүмкін.

Финвалдың су бетіне көтеріліп, сол жерде қоректенуі  қалыпты құбылыс. Алайда оны жағалауға жақын сулардан көру шынымен де таңғаларлық. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл уақытта киттер көші-қонын бастап кетуі керек еді, – деді зерттеуші.

Ғалымдар финвалдардың маусымдық қозғалысын әлі де зерттеп келеді. Олардың көші-қон бағыттары мен мінез-құлқының кейбір ерекшеліктері толық анықталмаған.

Мамандардың пікірінше, заманауи дрондар жабайы табиғатты зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Олардың көмегімен жануарларды табиғи тіршілігіне кедергі келтірмей бақылауға болады.

Рис Морганның кездейсоқ түсірілімі тек табиғат әуесқойларының ғана емес, ғалымдардың да назарын аударды. Мұндай бақылаулар теңіз жануарларының тіршілігі мен көші-қон ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге көмектеседі.