Әуекомпания басшысы ұшақта қашықтықты сақтау мүмкін еместігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Qatar Airways авиакомпаниясының атқарушы директоры Акбар аль-Бакер CAVID-19 пандемиясы жолаушылардың ұшу кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтауы мүмкін емес дейді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Әуекомпания басшысы авиатасымалдаушыларға дезинфекцияға баса назар аудару керек екендігін айтты. Атап айтқанда, Qatar Airways бұл үшін жаңа құралдарды пайдалануда. Сондай-ақ, жолаушылардың температурасы үнемі өлшеніп, санитайзерлер ұсынады. Ол қашықтық жағдайды құтқармайтындығын айтып, жолаушыларды қорғай алмайды деді. Себебі ұшақта 1,5 метр қашықтықты сақтау мүмкін емес.Қашықтықты сақтау мәселесі, бұл шын мәнінде ұшақтарда қолданылады деп ойламаймын. Ұшақтарда бір жарым метр қашықтықты сақтау мүмкін емес. Көптеген дәрігер вирус ауаға тарамайтынын айтады, ол тамшы жолмен таралады. Сондықтан жалғыз жол - бетперделерді, қолғаптарды міндетті түрде кию, өзін-өзі және ұшақтағы ауа сүзгілерін үнемі дезинфекциялау, - деді Ақбар әл-Бакер BBC-ке берген сұхбатында.25 мамырдан бастап Qatar Airways экипаждары ұшу кезінде қорғаныс костюмдерінде болады, жолаушылар ұшу кезінде медициналық бетперде киеді. Мамыр айының соңына қарай әуекомпаниясы рейстер тұрақтылығын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Олардың саны 50-ге дейін артады. Содан кейін маусым айында 80-ге дейін өседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы