УЕФА президенті қайта сайланды

Александер Чеферин Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті қызметіне қайта сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл Португалияның Лиссабон қаласында өткен УЕФА)-ның 47-ші конгресінде белгілі болды.

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының хабарлауынша, Александер Чеферин аталған одаққа тағы төрт жыл басшылық жасайды. Ол сайлау барысында жалғыз үміткер болды. Аталған маман одаққа 2016 жылдан бері жетекшілік етіп келеді.

Александер Чеферин 1967 жылы Югославияда (қазіргі Словения) дүниеге келген. 2005 жылдан бері футбол саласында қызмет атқарып келеді. 2011 жылы Словения футбол одағына басшылық етсе, 2011-2016 жылдарда УЕФА заңгерлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Reuters
Өзгелердің жаңалығы