Бүгiн 2026, 07:14
Фото: Facebook / @Айдос Хамиев
УЕФА Ақтауда салынатын жаңа стадионның тұжырымдамасын мақұлдады
Стадион 10 мың көрерменге арналған және халықаралық стандарттарға сай салынбақ.
Ақтауда салынатын жаңа стадионның тұжырымдамасы УЕФА тарапынан мақұлданды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Айдос Хамиев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоба Каспий теңізі жағалауындағы «Самал» шағын ауданында жүзеге асады. Стадион 10 мың көрерменге арналған және халықаралық стандарттарға сай салынбақ.
Жаңа нысан тек спорт алаңы ғана емес, қаланың сәулеттік көркіне айналып, туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған. УЕФА мақұлдаған бұл жоба болашақта Ақтауда Category 4 деңгейіндегі халықаралық матчтарды өткізуге мүмкіндік береді.
Кешен құрамында жас спортшыларды даярлауға арналған заманауи футбол академиясы да қарастырылған. Қазіргі уақытта жоба құжаттары Туризм және спорт министрлігінің қарауында. Құрылыс мерзімдері жобалау кезеңі аяқталғаннан кейін, 2026 жылдың соңына қарай нақтыланады.