Қазақстанға УЕФА 4,3 млн еуро, ФИФА 500 мың доллар беретін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. УЕФА Covid-19 дертімен күресуге көмектесу үшін Еуропадағы 55 ұлттық қауымдастыққа 236,5 миллион еуро бөліп отыр. Олардың арасында Қазақстан да бар.
Ұйымның сайтында көрсетілгендей, әр қауымдастық 4,3 миллион еуроға дейін алады.
Қаражат HatTrick бағдарламасы арқылы ұлттық федерациялардың есебіне түседі. Әдетте, бұл бағдарлама транзакциялық шығындарды жабуға және футболдың белгілі бір салаларын мақсатты дамытуға ақша бөлетін. Бұл жолы УЕФА барлық деңгейдегі коронавирус пандемиясының футболға теріс әсерін азайту үшін ақшаны қайда жұмсау керектігін анықтауға ассоциациялардың өздеріне мүмкіндік берді.
Біздің спортымыз Covid-19 дағдарысынан туындаған бұрын-соңды болмаған сынаққа тап болды. УЕФА өз қауымдастықтарына осы бір қиындықты олардың нақты жағдайларына байланысты шешуге көмектескісі келеді. Сондықтан біз әр қауымдастыққа 4,3 миллион еуро аудару жөнінде шешім қабылдадық. Бұл қаражатты біздің қауымдастықтар футболды қалпына келтіру үшін қолдана алады, - деді УЕФА президенті Александр Чеферин.
Осының алдында ФИФА әрбір федерацияға 500 мың доллар аударатынын хабарлаған еді. Жалпы, COVID-19 індетіне байланысты 150 миллион доллар бөлген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сарапшы: Әлеуметтік қашықтық нормаларын ескермеу – барлық жетістікті жойып жіберуі мүмкін
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы