Учаскеміздегі 5 қарт сайлаушы үйден дауыс береді – сайлау учаскесінің төрағасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы «Астана» концерт залында орналасқан №139 сайлау бөлімшесінің төрағасы Теміржан Балабековтің айтуынша, сайлау процесі ойдағыдай өтіп жатыр.
Бұл учаскеде жалпы саны 2750 дауыс беруші тіркелген. Олардың бесеуі қарт адамдар. Олар үйлерінен дауыс береді. Сағат 10.00-11.00 шамасында біздің қызметкерлер арнайы барып, дауыстарын қабылдап алады. Таңғы 7.00-ден бері 35 адам келіп, таңдау жасады. 5 байқаушы бар, екеуі - ТМД елдерінен келген байқаушы, - дейді ол.
«Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының атынан келген байқаушы Агидель Нуритдинова таңнан бері ешбір заңсыздық тіркелмегенін айтты.
Біз бүгін №139 сайлау бөлімшесіндегі сайлау процесінің әділ, ашық өтуін қадағалап отырмыз. Дауыс беру учаскесі жұмысын бастағалы бері ешбір заңсыздық тіркелмеді. Учаске жұмысы да жақсы ұйымдастырылған, - деді ол.Учаскеде таңертең бірінші келген сайлаушыларға және тұңғыш рет дауыс беруге қатысып жатқан азаматтарға кітап сыйға тартылуда.
Айта кетейік, учаскеде санитариялық нормалар барынша мұқият сақталған. Жауапты мамандар әрбір адамның дене қызуын өлшеп, медициналық маска, қолғаптың болуын тексеруде. Әлеуметтік қашықтықтың сақталуы да сәт сайын ескертіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сайлауда әзірге заңбұзушылық тіркелген жоқ – байқаушы
Өзгелердің жаңалығы