Учаскелік инспекторлардың құзырына не кіреді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторларының институты ішкі істер органдарының жүйесінде ерекше көп функционалды болып табылады. Олар өз кезегінде азаматтардың құқығын қорғау, отбасы-тұрмыстық қатынастар, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру және тағы басқа мәселелерді шешуге қатысады, - деді Жасұлан Байкенов.

Оның айтуынша, учаскелік полицейлер өз атынан әкімшілік құқық бұзушылықтардың 47 құрамы бойынша жазалау түрлерін қарайды және жаза қолданады.

Бұл – белгіленбеген орындарда сауда жасау, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін бұзу, темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ ӘҚБтК 685-бабының 1-бөлігінде көзделген басқа да бірқатар құқық бұзушылықтарды қарайды, - деді ол.

Сонымен қатар заңнамада белгіленген мерзімде есеп беретін адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру арқылы жазаның жекелеген түрлерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Учаскелік инспектор отбасылық жанжалқорлардың, маскүнемдердің есірткі құмарлардың, бұрын сотты болғандардың өмір сүру салты мен іс-әрекеттерін үнемі бақылайды.Денсаулық сақтау органдарында олардың кейбірін мәжбүрлеп емдеуге көмек көрсетеді.Жалпы алғанда учаскелік қызметкерлер – құқық бұзушылықтың ортақ профилактикасы жүйесінде негізгі звеносы болып есептеледі, - деді ол.

Байкенов атағандай, олар тұрғындармен тек жеке қарым-қатынаста тұрақты негізде жұмыс атқарады.

Кейбір ауылдарда учаскелік инспектор – құқық қорғау органының жалғыз өкілі ретінде қызмет атқарады.Заңдылық пен тыныш өмірдің кепілін, сондай-ақ қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз етеді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы