Бүгiн 2026, 11:35
Фото: ©BAQ.KZ
Учаскелік инспектор: форма артындағы күнделікті еңбек
Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде учаскелік полиция инспекторларының рөлі ерекше. Көп жағдайда көзге көріне бермейтін бұл қызмет күнделікті тәртіпті сақтаудан бастап, түрлі даулы жағдайлардың алдын алуға дейінгі ауқымды жұмысты қамтиды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осы тақырыпты негізге алған “Еңбекқор ел” жобасының кезекті шығарылымында дәл осы қырлар кеңінен көрсетіледі. Туындыда учаскелік инспектордың бір күндік жұмысы, тұрғындармен қарым-қатынасы және түрлі жағдайлардағы іс-әрекеті баяндалады.